ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМ: ЖЕТІСТІКТЕР МЕН ИННОВАЦИЯЛАР
1 min read
Орталық Азияның ұлан-ғайыр кеңістігін алып жатқан Қазақстан ғылыми биіктерге, техникалық прогреске ұмтылуда. Соңғы онжылдықта еліміз ғылымның түрлі саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Мәселен өткен жылы 28 наурызда ҚР-ның жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында ғылыми қауымдастықпен бірлесіп әзірленген құжат жыл сайын гранттар бөлуді, әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтуді, 85 жетекші ғылыми қызметкерлердің еңбекақысын базалық қаржыландыруға қосуды қамтамасыз етті.