«ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ» ҚАЛАЛЫҚ ІРІКТЕУ ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Таразда қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» қалалық іріктеу турнирінің ашылу салтанаты өтті. Ұлттық спорт күніне арналған жарысқа қаланың ең мықты палуандары жиналды. Турнирдің мақсаты – тек жеңімпаздарды анықтау ғана емес, сонымен қатар жастар арасында ұлттық спорт түрлерін насихаттап, патриотизм рухын нығайту және салауатты өмір салтын дәріптеу. Айта кетейік, жарыстың ашылу салтанатында Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекова қатысты. Жарыс барысы толығырақ алдағы сюжетте!