"77TV" ТЕЛЕАРНАСЫ

Сіздің телеарнаңыз!

ҚАТТЫ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

1 min read

Жамбыл облысындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару саласындағы өзекті мәселелер бойынша арнайы жиын өтті. Жиынға облыс әкімі төрағалық етті. Бүгінгі таңда  қалдықтарды бөлек жинау, тасымалдау, сұрыптау және қайта өңдеу бойынша инфрақұрылымды жеңілдікпен қаржыландыру тетігін әзірлеуде. Дәл осындай ақпаратпен  облыс әкімі жиынды ашты. Қатты қалдықтарды қайта өңдеу мәселесі бойынша өткен кеңесте қалдықтарды басқару саласында кәсіпкерлерді субсидиялауды, өңірлерді материалдық-техникалық жарақтандыруды қолдау бағдарламасын жаңғырту қайта бастау мәселесі қарастырылды. Жиында облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Олжас Баққараев баяндама оқыды. Баяндамада қаладағы түйткілді мәселелерді тілге тиек етіп, атқарылған жұмыстарды жіпке тізді. Өз кезегінде аймақ басшысы жауаптыларға мәселені шешу үшін нақты міндеттерді жүктеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *