ҚАРЖЫ ПИРАМИДАЛАРЫНЫҢ ЗАҢСЫЗ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС
1 min read
Азаматтарымыздың қаражатын тартып алу үшін алдап-соғып жатқан қаржылық пирамидалармен күресу, қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселе. Жыл сайын Қазақстан Республикасында әлеуметтік желілер арқылы, оның ішінде интернет-ресурстардағы жарнама, YouTube арналары және мессенджерлар арқылы, жүздеген адам осы заңсыз әрекетке ұрынады. 2024 жыдың 5 айында жәбірленушілердің арыздары бойынша, қаржы пирамидаларын ұйымдастырушыларға қатысты, Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен 3 қылмыстық іс тіркелді. Бұл туралы жауаптылар баспасөз брифингінде баяндады.