"77TV" ТЕЛЕАРНАСЫ

Сіздің телеарнаңыз!

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ ҚАЖЕТ

Соңғы жылдары елімізде қарижылық сауаттылық жайында үлкен мәселе көтеріліп жатыр. Оған себеп: жаппай алаяқтарға алданған отандастардың және қарызға белшеден батқан жандардың көбеюі. Бұған себептің бірін ел Президенті «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұқбатында қаржылық сауаттылықтың болмауы деп кесіп айтты. Ендеше бұл қаржылық сауаттылық не үшін керек? Мамандар бұл жөнінде қазір жоғарғы оқу орындарында студенттерге дәріс берсе, кәсіпкерлер қауымдастықтары бизнесмен нәзікжандыларға кәсіп өрбіту, кірісті молайтудың жолдарын үйрету үшін кездесулер өткізуде. Соның бірі «Жусан банктің» ғимаратында «Пайдалы кофе тайм» атауымен өтті.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *