«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫНЫҢ КУРСЫНАН ӨТКЕН АЗАМАТТАРҒА СЕРТИФИКАТТАР ТАБЫС ЕТІЛДІ
1 min read
Өздеріңізге белгілі «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру курстары өткен жылы басталған болатын. Өткен жылы облыста жоба аясында халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру курстарында 11215 азамат оқытылса, биыл 8 500 адамды оқыту жоспарланған. Қазіргі таңда тың бастама нәтижелі жүзеге асырылып жатыр.