Шымшаһарда «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында мектеп бітіруші түлектерге арналған «Мамандық таңдау – маңызды қадам» атты кездесу ұйымдастырылды. Мұндағы мақсат-білім алушыларға еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар жайлы ақпарат беру.
Шымкенттегі «Достық» үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Бірлік пен бейбітшілікке толы 30 жыл» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жиында Ассамблеяның елдегі қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайтудағы рөлі көрсетілді. Қатысушыларға Ассамблеяның тарихи кезеңдері мен мәдени жобалары жайлы әдебиеттер ұсынылды.
Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесінде «2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «Барлық мамандық маңызды» атты кездесу кеші өтті. Жиында жұмысшы мамандықтарының маңызы талқыланды. Толығырақ келесі сюжетте
Шымшаһарда студенттік ассамблеялар бір алаңда бас қосты. Білім алушылар интеллектуалды сайысқа қатысып, бағын сынады. Аталған шара түрлі этнос өкілдерінің бай мәдени мұрасымен танысып, командалық рух пен өзара түсіністікті арттыруға бағытталған.
Шымкент қаласындағы А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясында 1-наурыз «Алғыс айту» күні мен Қазақстан халық Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті. Алдағы сюжеттен көріңіз!
Шымкентте жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында «Заңды білмеу – жауапкершіліктен босатпайды» атты кездесу өтті. Шараға білім алушылар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.
Шымкентте Парламент Сенатының «Senat Open-2025» ашық кубогының іріктеу кезеңі өтті. Зияткерлік спортты насихаттауға бағытталған бұл турнирге 100-ден аса спортшы өтінім берген. Олардың қатарында шахмат ардагерлері, мемлекеттік қызметшілер, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері бар.
Шымкент қаласының Қаратау ауданында кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Қала тазалығын сақтау мақсатында өткен шараға 2000-ға жуық адам мен 28 арнайы техника жұмылдырылды.
Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері жұмыс сапарымен Шымкент қаласына келді. Сапар барысында олар өңірдегі ауыл шаруашылығы өндірісімен айналысатын кәсіпорындардың жұмысымен танысты.
Шымкент қаласындағы Оқушылар сарайында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Мұндағы мақсат– адамдар көп жиналатын нысандарда өрт сөндіру әрекеттерін пысықтап, өртке қарсы қызметтің өзара әрекетін үйлестіру.