Енді аз уақытта дала төсінде көктемгі егіс жұмыстарына дайындық басталып, егістік жерді тазалау, жер жырту, тұқым себу, суару жұмыстары рет-ретімен жасалып, мол өнім алуға бағытталады. Биыл аймақта ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 14,7 мың гектарға артады деп болжануда. Көктемгі егін жұмысына дайындық пен кәсіпкерлерді несиелендіру бағдарламалары жөнінде баспасөз алаңында кеңінен айтылды. Айқын ақпаратты сюжеттен көріңіз!
Месяц: Январь 2023
-
МАСАҢ КҮЙДЕ КӨЛІК БАСҚАРҒАН
Жамбылдық полицейлер автокөлікті басқару құқығынан айырылған мас жүргізушіні ұстады. 20 қаңтар күні сағат 12:40 шамасында Қаратау қаласының орталық көшелерінің бірінде патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 34 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы «BMW 750» автокөлігін тоқтатты. Көлік ішіндегі жүргізуші мен жолаушыдан ішімдіктің иісі байқалған. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес екеуінің де жеңіл дәреждегі мас күйде болғаны расталды. Көлік иесі әйел азаматша екені және ол басқаруды жанындағы мас танысына бергені анықталды. Осы құқық бұзушылық үшін 36 жастағы әйел жауапқа тартылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері көлік басқарған 34 жастағы ер адамның 2020 жылдың ақпанында сот шешімімен көлік құралын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айырылғандығын анықтады. Құқық бұзушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.
-
ПОКАЗАТЕЛИ РАЗОЧАРОВЫВАЮТ
Сегодня руководитель управления координации занятости и социальных программ акимата Жамбылской области подвел итоги работы за минувший 2022 год. Несмотря на то, что намеченные рубежи в отрасли преодолены, есть еще слабые места и неустойчивые показатели. А некоторые руководители отделов районах не сильно утруждают себя , отсюда и слабые результаты в работе. Были проанализированы и другие направления деятельности данной сферы. Подробнее в материале.
-
ЗАЩИТА ПРАВ ЧЕЛОВЕКА В ПРИОРИТЕТЕ!
5 ноября 2022 года главой государства подписан Конституционный закон «Об уполномоченном по правам человека в РК». Об этом законе в ходе сегодняшнего брифинга подробнее рассказал представитель Уполномоченного по правам человека в РК по Жамбылской области Берикбол Байхожаев.
-
СОТРУДНИКИ ПОЛИЦИИ ОРГАНИЗОВАЛИ АКЦИЮ «Я ДОНОР – Я ПАТРИОТ»
Сотрудники Управления по противодействию наркопреступности Департамента полиции Жамбылской области на постоянной основе посещают Жамбылский областной центр крови. Подробнее об этом далее.
-
КӨРСЕТКІШ КӨҢІЛ КӨНШІТПЕЙДІ
Бүгін облыстың бас ғимаратының мәжіліс залында Жамбыл облысы әкімдігінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы өткен жылды қорытындылап, есеп берді. Саладағы белгіленген меже еңсерілгенімен, ақсап тұрған тұсы мен жылжымайтын көрсеткіштер әлі бар. Ал кейбір ауданның бөлім басшылары берілген тапсырмаға атүсті қарайтын көрінеді. Салдарынан жұмыс нәтижелері көңіл көншітпек емес. Бұдан бөлек саланың басқа бағыттары да сараланды. Толығырақ тілші материалында.
-
АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ — ЕРКІНДІК ҚАНАТЫ
2022 жылдың 5 қарашасында Мемлекет басшысы «ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заңға қол қойды. Бұл заң туралы баспасөз алаңында ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев баянадады. Толығырақ тілші тарқатады.
-
ПОЛИЦЕЙЛЕР «МЕН ДОНОРМЫН – МЕН ПАТРИОТПЫН» АКЦИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыстық Қан орталығына тұрақты түрде барып, қан өткізуді дәстүрге айналдырған.Толығырақ сюжет сөйлесін.
-
ПРОШЕЛ ОБЛАСТНОЙ ТУРНИР ПО ТХЭКВОНДО
Управление физической культуры и спорта организовало областной чемпионат по таэквондо среди подростков 2009-2011 годов рождения. Всего участие в турнире прнияли около 300 юных спортсменов, за звание лучшего боролись 2 дня. Каким же был призовой фонд соревнований, как прошла борьба за первенство узнаете в следующем сюжете.
-
ТАЭКВОНДОДАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен таеквондодан 2009-2011 жылы туылған жасөспірімдер арасында облыстық чемпионат өтті. Жалпы турнирге облыс бойынша 300 қатысушы бақтарын сынауға ниет білдірген. 2 күнге жалғасқан турнирде жүлде қоры қандай? Кіл мықтының арасында кім мықты болды? Сюжет сөйлесін.