Месяц: Июнь 2022

  • ВОЗРОЖДЕНИЕ НАЦИОНАЛЬНЫХ ЦЕННОСТЕЙ

    ВОЗРОЖДЕНИЕ НАЦИОНАЛЬНЫХ ЦЕННОСТЕЙ

    В этом году в период с 11 по 12 августа  в Таразе пройдет  фестиваль  с участием  проживающих  за рубежом наших соотечественников   «Қасиетті қазақ елі». Все это для того, чтобы вдали от Родины они не забывали свои корни и национальные ценности своего народа. На этом мерпоприятии будут представлены различные номинации и соответствующие призы за них. Это   «Терме», «Вокал», « Рукоделие », «Мүшәйра»  и другие. Сабыргали Рысбаев- поклонник поэзии в преддверии этого события дал в онлайн режиме советы  тем, кто будет участвовать в фестивале     в данном жанре.

  • ТҰРҒЫНДАР АУЛАДА МОНША САЛУҒА ҚАРСЫ

    ТҰРҒЫНДАР АУЛАДА МОНША САЛУҒА ҚАРСЫ

    Сәтпаев көшесінде монша құрылысы басталғалы тұрғындардан маза қашты.Қордаланып қалған мәселе бірнеше рет көтерілсе де әле шешімін таппай келеді. Хабардар қалалық билік те тып-тыныш. Құзырлылар онсызда жетіп артылатын моншаны түгендегенше, бүлінгенді бүтіндемей ме? «Футбол мен балалар ойын алаңшасын соғып берсе, балаларымыз сан саққа жүгірмес еді»,-дейді тұрғындар. Наразы топпен біз де тілдесіп қайттық.Сюжет көріңіз.

  • ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫ ЖИІЛЕП КЕТТІ

    ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫ ЖИІЛЕП КЕТТІ

    Жоғары жылдамдықпен жүйіткуді әуестікке айналдырған жүгенсіз жүргізушілер мен жол жүру ережесін білмейтін жаяу жүргіншілердің салдарынан өңірде жол апаты жиілеп кетті. Екі күннің бірінде суық хабар келіп, бейбіт күнде опат болғандарды естіп жатамыз. Күре жол үстіндегі қайғылы оқиғадан талай жанның тағдыры үзіліп, жарақаттанып, тіпті жарымжан болып жатқандар жетерлік. Бұған не себеп? Кім кінәлі? Бұл туралы бүгін өңірдегі бас ғимаратта өткен жиналыста айтылды.

  • ОБЛЫС ӘКІМІ ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ БАСШЫЛЫҒЫН СЫНҒА АЛДЫ

    ОБЛЫС ӘКІМІ ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ БАСШЫЛЫҒЫН СЫНҒА АЛДЫ

    Соңғы кезде Тараз қаласы әлеуметік желі мен республикалық телеарналарды шулатып келеді.Әсіресе, абаттандыру, жарық пен тазалық жұмыстарына тұрғындардың көңілі толмайды.Жерге қатысты заңсыз шешімдер де жиі анықталып кетті. Аймақ басшысының төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте шаһардың тыныс-тіршілігі айтылды.

  • ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҚАНДАСТАР АРАСЫНДА ЖАҢҒЫРУДА

    ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҚАНДАСТАР АРАСЫНДА ЖАҢҒЫРУДА

    Ағымдағы жылдың 11-12 тамыз күндері қаламызда шетелде жүрген қандастардың қатысуымен «Қасиетті қазақ елі» атты фестиваль өтеді.Қандастардың бойындағы қазақилықты жоғалтпай,қасиетті өнерімізді ұлықтау үшін жасалған дүние бұл. Атаулы шарада қатысушылар түрлі наминация бойынша марапатталатын болады. Мәселен, «Терме», «Вокал», «Қолөнер», «Мүшәйра» номинациялары бар. «Мүшәйра» номинациясы  бойынша тәлімгер Сабырғали Рысбаев қандастардың өлеңін ерекше бағалайды.Сондықтан онлайн кездесу өткізіп,ақыл-кеңесімен бөлісті.

  • ДАУ ТУДЫРҒАН ТӨЛЕМ

    ДАУ ТУДЫРҒАН ТӨЛЕМ

    Шөлдалалықтардан тағы да маза қашты. Бұл жолы тұрғындардың коммуналдық төлемдерге кеткен қаражаты ауаға кетті.Аумақ төрайымы халықтың берген ақысын өз қалтасына басып келген. Бұған тұрғындар наразы. Редакциямыздан көмек сұраған бұқараның базынасына құлақ түріп қайтқан тілші жалғайды.

  • ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

    ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

    Білім сайысында Жамбыл облысының намысын қорғайтын жастар Нұр-Сұлтанға жолға шықты. Республикалық «IQanat» олимпиадасының 3-ші кезеңінде бақ сынайтын 54 оқушыны бүгін вокзалдан ата-аналары сәт сапар тілеп, жарысқа шығарып салды. Ауыл жастарына мол серпін беретін жоба туралы келесі материалда.

  • ТҮЛЕКТЕРГЕ АТТЕСТАТ ТАБЫСТАЛДЫ

    ТҮЛЕКТЕРГЕ АТТЕСТАТ ТАБЫСТАЛДЫ

    Түлектер тарихи сәтті тағылымды естеліктермен толықтыруда. Кезекті мектеп бітіру кеші Төле би атындағы №8 мектеп гимназиясында айрықша сән салтанатпен аталып өтті. Еліміздегі ең үздік 50 мектептің қатарына кірген білім ошағының жеткен жетістіктері көп. Айталық, биылғы түлектердің 10-ы алтын белгіні, 8-і үздік аттестатты ақтап отыр.

  • ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРЫ КӨБЕЙЕ ТҮСТІ

    ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРЫ КӨБЕЙЕ ТҮСТІ

    Өңірде әлеуметтік кәсіпкерлік нысандары көбейе түсті. Қоғам үшін маңызды мәселелерді шешуге бағытталған жобалар кәсіпкерлікті дамытып, әлеуметтік проблемларды  шешуге де  ықпал етеді. Мұндай кәсіпкерлердің қатарында– халықаралық дәрежедегі спорт шебері, «Пантера» спорт залының негізін қалаушы Эльвира Мендалиева да бар. Ол фитнеспен айналысу — әлеуметтік осал топтағы жандар үшін өте пайдалы,  денені шынықтырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға көмектеседі,-дейді.

  • РЕАЛИЗАЦИЯ СОЦИАЛЬНОГО ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА В ТАРАЗЕ

    РЕАЛИЗАЦИЯ СОЦИАЛЬНОГО ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА В ТАРАЗЕ

    Социальное предпринимательство является развивающимся сектором экономики. Социальные проекты в первую очередь создаются для решения социальных же проблем. Нередко такой бизнес вырастает из попыток человека решить проблему, которая оказалась важна непосредственно для него самого. Из числа таких предпринимателей – Эльвира Мендалиева, двухкратная чемпионка Азии 2013 и 2014 годов по армрестлингу, мастер спорта международного класса, основательница спортивного зала  «Пантера», закрытого типа. Фитнес клуб предоставляет услуги по оздоровлению и повышению физической культуры для женщин и людей из социально уязвимых слоев населения.