Месяц: Февраль 2022

  • Жамбылда түзеу мекемесі қызметкерлері жедел іздестіру барысында  қару-жарақ пен оқ-дәрілер тапты

    Жамбылда түзеу мекемесі қызметкерлері жедел іздестіру барысында қару-жарақ пен оқ-дәрілер тапты

    Ағымдағы жылдың 22-ақпаны күні  Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЖД-158/7 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлері мен Жамбыл облыстық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, қаланың ішкі және қаланың сыртқы аумағында күнделікті қару жарақтар мен оқ-дәрілерді іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында Арай мөлтек ауданында құрылыс үйіндісінің астынан  пакетке оралған 38 /9мм/ дана, 22 /16мм/, 11дана оқ-дәрілері,  1дана жауынгерлік тапанша 17/9мм/ оқ-дәрілерімен және 1дана жеңіл шулы гранатасы табылды. Аталған оқ-дәрілер мен қару-жараққа арнайы сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.

    Қазіргі уақытта мөлтек аудандардағы барлық көп қабатты тұрғын үйлердің жертөлелері, шатырлары, ауладағы люктер, қараусыз тұрған нысандар және құрылысы жүріп жатқан нысандар тексерілуде.

     

     

    ЖД-158/7 мекемесінің жедел бөлім бастығы

    әділет майоры

    Т. Ж. Искендиров

  • Мекеме қызметкерлері ауған соғысы ардагеріне құрмет көрсетті

    Мекеме қызметкерлері ауған соғысы ардагеріне құрмет көрсетті

    Бүгініңді бүлдіріп қана қоймай, болашағыңа да балта шабатын 10жылға созылған бұл соғыстың аяқталғанына да 33 жыл болыпты. Дәл осы күні, яғни  1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен щыққан күні.

    Ардагер азаматтар қашанда жастарымызды отансүйгіштікке баулитын бірден-бір өмір мектебі, ізбасарлары болып қала бермек. Осыған орай, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/7 мекемесі бастығының орынбасары әділет подполковнигі Ғ.Б. Тлепов және кадр саясаты тобының бас маманы әділет майоры Ғ.Т. Құлымбетовтың бастамасымен Ауған соғысының ардагері Сағынбайұлы Асылбектің шаңырағына арнайы барды. Кездесуде ҚАЖ қызметкерлері ардагерге құрмет көрсетіп, жүрекжарды ыстық лебіздерін жеткізіп, соғыс жүрегіне өшпес жара салған азаматтарға құрмет көрсету ардайым біздің қасиетті парызымыз деп шын жүректен ризашылықтарын білдірді.

    Бұл күн-көңілде сызы, жүректе ізі қалған ауыр да азапты жылдар мен өткелегі мол өткенді естелік қылып және оны көңілге кесте қылып тоқу ғана емес, сол кездегі ана сүті аузынан кеппеген түбіт иек бауырларымызды да еске алар күн!

    Әрине, базбіреулер үшін бұл күн қатардағы күннің бірі ғана шығар, ал біз үшін-тарихи күн!  Тағдырлы күн!

    Тәуелсіз елімізде татулық пен бірлік болсын.

     

     

     

    ЖД-158/7 мекемесінің БАҚ жауапты қызметкері

  • Түзеу мекемесі қызметкерлері жедел іздестіру барысында оқ-дәрі тапты

    Түзеу мекемесі қызметкерлері жедел іздестіру барысында оқ-дәрі тапты

    Бүгін Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЖД-158/7 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлері мен Жамбыл облыстық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, қаланың ішкі және қаланың сыртқы аумағында күнделікті қару жарақтар мен оқ-дәрілерді іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында Жамбыл ауданы, Бәйтерек ауылы маңында қараусыз қалған 1 қабатты құрылыстың артқы жағынан 88 дана 5х45 калибрлі оқ-дәрілерін тапты. Табылған оқ-дәрілерге арнайы сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.

    Одан бөлек, мөлтек аудандардағы барлық көп қабатты тұрғын үйлердің жертөлелері, шатырлары, ауладағы люктер, қараусыз тұрған нысандар және құрылысы жүріп жатқан нысандар тексерілуде.

     

     

     

    ЖД-158/7 мекемесінің жедел бөлім бастығы

    әділет майоры

    Т. Ж. Ескендиров