Месяц: Декабрь 2021

  • ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЗАТТЫ ӨТКІЗБЕКШІ БОЛҒАН АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ

    ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЗАТТЫ ӨТКІЗБЕКШІ БОЛҒАН АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ

    Қылмыстық дерек Тараздағы түзеу орындарының бірінде орын алған. Адамнан айла артылғанба…Темірдей тәртіп,қатаң қағиданы қатал ұстанатын ерекше режимдегі ЖД-158/7 мекемесінің ережесін бұзып, заңға томпақ келер әрекетке баратындар азаймай тұр. Ағымдағы жылдың 27 желтоқсан күні келіп түскен жедел ақпарат бойынша мекеменің жедел — режим бөлімінің қызметкерлері және 5513 әскери бөлімінің бақылаушыларының  қамаудағыларға келіп түскен сәлем-сауқатты тексеру барысында көңілге күпті, күдікті заттар  көзге ілінді.  Қызметкерлер кіруге тиісті заттарды жіті тінту кезінде 55 дана болатын атауы жоқ   белгісіз ақ түсті конфеттер анықталып, оларды ашу барысында қара қоңыр түсті спецификалық иісі бар зат  тәркіленді. Атаулы сәлемдеме Тараз қаласы, Құмшағал ауылы, Үшқоңыр көшесі, 38/2 үйде тұратын, бұрын сотты болмаған 1966 ж.т. азамат Н.Е.Р.-дан ҚР ҚК 188б., 3т.,  бойынша  сотталған Н.Ж.Д.-ге  жолданыпты. Тәркіленген затты анықтау үшін сот-химиялық сараптама тағайындалып, маман қорытындысы бойынша тәркіленген зат 68,83граммды құрайтын «гашиш» есірткі заты анықталды.

    Осы факт бойынша Жамбыл облысы бойынша Тараз қалалық Полиция департаментінің  1-полиция басқармасының жедел тергеу тобы шақыртылып, қылмыстық іс қозғалды,  азамат Н.Е.Р.  ары қарай тиісті жазаға тартылу үшін ұсталып табысталды.

     

       

    ЖД-158/7 мекемесінің БАҚ

    жауапты қызметкері

  • ЖД-158/7 мекемесінде Тәуелсіздіктің 30-жылдығына орай мерекелік іс-шара өтті

    ЖД-158/7 мекемесінде Тәуелсіздіктің 30-жылдығына орай мерекелік іс-шара өтті

    Егемен еліміз 16 желтоқсанда салтанатты жағдайда Ұлттық мереке –Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Қазақстандықтар алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Республикамыздың осындай биіктіктерді бағындыруына барлық адамдар сүбелі үлес қосып келеді. Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 30 жыл толып отыр.

    Жамбыл облысы бойынша Кылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/7 мекемесінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға мекеме басшылығы, жеке құрам және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты. Мерекелік жиында мекеме бастығы және оның орынбасары сөз сөйлеп ашып, іс-шараға қатысушыларды  атаулы мейраммен құттықтады. Мерекеге орай, ерекше көзге түсіп, жақсы нәтижелерге қол жеткізгені үшін бірқатар қызметкерлер мекеме бастығының грамотасымен марапатталды және де ынтымақтастық кезінде көмек көрсеткені , қызмет барысында жәрдемдескендері үшін Тараз қаласының 77-арнасының бас редакторы Созақбаева Перизат Қуатқызы және журналист Пралиева Айгул Бақбергенқызы  марапатталды.

    Бүгін біз жерінің асты ырғын байлыққа, жерінің үсті парасатты халыққа толы Қазақстан елі Тәуелсіздігінің 30 жылдығын зор салтанатпен атап отырмыз. Көк туын желбіреткен, Әнұранын шалықтатқан еліміздің барша азаматтарына береке-бірлік, жасампаз еңбек, толағай табыстар тілейміз.

     

     

    ЖД-158/7 мекемесінің КСБ бастығы

    әділет майоры Ғ.Т. Құлымбетов

  • Жамбыл облыстық филармониясы Жамбылдағы ерекше режимдегі түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілерге концерт берді

    Жамбыл облыстық филармониясы Жамбылдағы ерекше режимдегі түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілерге концерт берді

    Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы» Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/7 мекемесінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай филармония өнерпаздары концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Аталған іс-шараны ұйымдастырудың мақсаты-сотталғандарды мәдени құндылықтарға дәріптеу мен патриотизмді дамыту болып табылады. Концерттік бағдарлама барысында атақты қазақ а

    қындары мен композиторларының ұлттық және патриоттық шығармалары айтылды. Мәдени шара соңында түзеу мекемесінің әкімшілігі және жазасын өтеушілер облыстық филармонияның өнерпаздарына концертті ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.

     

    ЖД-158/7 мекемесінің САТЖБ

    бастығы әділет капитаны

    М.Құрманқұл