ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІМЕН!
Оқу уақыты 1 мин.

Бүгін халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл күні барлық ата-ана кішкентай балақайларға ерекше көңіл бөледі. Ауыл-аймақ, қалаларда осы күнге арналған түрлі концерттер ұйымдастырылып, тіпті кейбір компаниялар немесе орталықтар аталған күні балаларға арнап арнайы сый дайындайды. Мерейлі мереке шаһардағы «№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну» орталығында да кең көлемде аталып өтті.