ТЕЛЕКАНАЛ 77TV

ВАШ ТЕЛЕКАНАЛ

Жамбыл облысындағы жару жұмыстары 13 қарашаға дейін жүргізіледі

Оқу уақыты 1 мин.

Жамбыл облысында тағы да жарылыс болды. Бұл жолғы дүмпу Байзақ ауданындағы жарылыс болған жерден 12 шақырым қашықтықта тіркелді. Ресми ақпаратқа сәйкес, әскери қоймадан шығарылған оқдәрі фрагменттерін жару бойынша жұмыстар басталған көрінеді. Ол үшін тау ішінен арнайы қауіпсіз жер бөлінген. Мамандардың айтуынша, мұндай жарылыстар дүйсенбі-жұма күндері аралығында 13 қарашаға дейін жүргізіледі. Жергілікті билік маңай толықтай оқшауланған, елді мекендер мен тұрғындарға келер қауіп жоқ деп сендіріп отыр. Жарылыс кезінде оқдәрі қалдықтары мен бөлшектері жан-жаққа ұшпаған. Құзырлы органдар тарапынан қадағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *